Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 17 ақпан күні білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған  мектептердің қызметін қолдау мақсатында «Ресурстық орталық жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бірыңғай білім беру жүйесі ретінде» тақырыбында онлайн практикалық вебинары өтті.

Практикалық вебинарда «Үздік ресурстық орталық-2020» облыстық байқауының жеңімпаздары: Темір ауданы Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы, Мұғалжар ауданы Ақкемер тірек мектебі, №7 Хромтау гимназиясы ресурстық орталығы, Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-ресурстық орталығының директорлары  іс-тәжірибелерінен практикалық жұмыстар көрсетіп, магниттік мектептерде жеке тұлғаны элеуметтендіру, бағдаралды оқытуды дамыту механизмі, білім сапасын жетілдіру, жаңарту бойынша жұмыстану жолдарымен таныстырды. Семинарға аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, 11 ресурстық орталықтың директорлары мен мұғалімдері қатысты.

 

Мектепке дейінгі және жалпы

орта білім беру бөлімінің әдіскері                             Б.С. Туржанова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1