Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Web сайт құру жолдары» облыстық семинар-практикумында облыс педагогтеріне заманауи талаптарға сәйкес келетін web-беттерді құру дағдылары түсіндірілді.
Онлайн ұйымдастырылған семинар әдістемелік орталық әдіскері Жадыра Талапқызының модераторлығымен жүзеге асты.
Семинар-практикум барысында SMART Bilim мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлназ Қуанышқызы мектеп бағдарламасына сәйкес web- парақшаларын әзірлеуде HTML тегтерін қолдану, сайт құру үшін қолдалынатын Visual Studio Code қосымшасының артықшылықтарын пайдалана отырып жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру жолдарына тоқталып практикалық білімдерін жетілдірді.
Әдістемелік орталықтың ақпараттық бөлім меңгерушісі Дастан Ғасырұлы web-сайттарды құру түрлері мен олардың функционалдық, құрылымдық және технологиялық ерекшеліктеріне тоқтала келе, тыңдаушылармен бірлесе отырып web-сайттармен жұмыс жасауда дұрыс, сауатты тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін практикалық жұмыстармен үйлестіре білді.
Практикалық білімі мен тәжірибелік шеберлігін шыңдауға арналған семинар-практикумда қатысушылармен ашық диалогтік алаң құрылып, кері байланыс жасалды.