2021 жылдың 11-ақпаны күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының базасында Ақтөбе қаласы №23 орта мектеп–лицейінің бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жүйелік–әрекеттік тәсіл» атты облыстық онлайн–семинар болып өтті. Іс-шараға облыстың 94 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Онлайн-семинар жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері ф.ғ.магистрі С.Жубаева ашып берді.

Озық тәжірибелі педагогтер К.Туленова, К.Мамышева, Г.Журсинова, А.Мендыкулова білім беру саласындағы қазіргі заман талаптарына сай оқыту мен оқытудың тиімді технологияларын қолдану және т.б мәселелерді талқылады, практикалық жұмыс тәжірибесін ұсынып, әдістемелік әзірлемелерімен, оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту идеяларымен бөлісті.

Онлайн-семинар қорытындыланып, қатысушылардың жылы лебіздерімен аяқталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1