2021 жылғы 4 ақпанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептерінде оқытуды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес тарих пәнінен әдістемелік күн өткізілді.

Әдістемелік күнде М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп–интернатының тарих пәні мұғалімі, облыстық тарих пәні ассоциациясының көшбасшысы, Кабыланов Арман Хусаинович 7-класқа тарих пәнінен «Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі» тақырыбы бойынша онлайн сабақ өткізді.

Сабақ барысында өткен материалды еске түсіру үшін Quizizz және Padlet бағдарламалары, тақырыпты ашуда «Миға шабуыл», мәтінмен жұмыста «Фишбоун» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын білдірді, «Сәйкестендіру» сияқты әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда маңызы зор болды. Сабақтың соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар бағаланды.

Сабақ аяқталған соң қатысушы педагогтер өзара пікірлерімен алмасты.

 

 

А.А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1