2020 жылдың 30 қарашасы мен 2021 жылғы 20 қаңтар аралығында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әдіскерлері мен педагогтары арасында «Ең жаңашыл ұстаз» атты кәсіби байқауы ұйымдастырылды.
Байқауда педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру және олардың жаңа, тың, рухани құнды дүниелер тудыратын әрекеттеріне, бастамаларына, ізденістеріне қолдау көрсету және мадақтау мақсаттары көзделді.
Байқаудың «Педагог жетістіктері» 1-кезеңінде байқауға қатысушы өзінің және студенттерінің жетістіктерін 2 мин видео және эссе түрінде жолдаса, 2 -кезең «Шығармашылық бастама» бойынша қатысушы педагог өзекті, практикалық және рухани құндылығы бар жаңа ой, идея немесе зияткерлік еңбегінің нәтижесін жоба түрінде ұсынуы арқылы сайысқа түсті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
«Креативті педагог» номинациясы бойынша
Тобажанова Роза Рустемовна- Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі оқытушысы
Тормина Ирина Анатольевна -Дүние колледжі, оқу бөлімінің әдіскері
Бегентаева Венера Кайрбаевна- Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі оқытушысы
«Жаңашыл педагог» номинациясы бойынша
Калдыбаева Нагима Кураловна- Кеңес Одағының Батыры М.Мәметоваатындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі оқытушысы
Колганатова Разия Жугинисовна- Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысы
Орындаған: М.К. Жұбандықова техникалық және кәсіптік білім және кәсіби бағдар беру бөлімінің бөлім меңгерушісі, М.Т. Абенова бөлім әдіскері.