2021 жылғы 15 қаңтарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 11 сыныпта Қазақстан тарихын оқыту» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті. Қашықтан өткен семинарға 50-ден астам тарих пәні мұғалімдері қосылды.

Шараның теориялық бөлімінде Ақтөбе қаласы №30 қазақ мұғалімдері Ботакөз Сейлхан қызы «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақта қалыптастырушы тапсырмалар арқылы мемлекеттік емтиханға дайындау жолдары» және Айнур Джугунысова «10-11 класста Қазақстан тарихынан зерттеу жұмысын жазуға бағыттау» тақырыбында ой бөлісті. Ал практикалық бөлімде Ақтөбе қаласы үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Сәулет Сәрсенбаева «Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс -тәсілдері» тақырыбында және Ақтөбе қаласы №47 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Майра Жетпісбай «Блум таксономиясы негізінде әдіс –тәсілдерді қолдану» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан тарих пәнін қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары көрсету, жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге ала отырып, қашықтықтан оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын көздеген семинар өз деңгейінде өтті.

 

 

А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1