Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық  жоспарына сәйкес 2021 жылғы 6 қазанда онлайн тәртібінде  Ақтөбе қаласы Новый орта мектеп - лицейінің физика пәні мұғалімі Тургамбаева Миуа Тургамбаевнаның жас физика  пәні мұғалімдеріне арналған «Физикадан күрделі есептерді шешу жолдары» тақырыбында шебер класы өткізілді. Іс-шараға қала, аудан мектептерінен 100-ге тарта  физика пәні мұғалімдері  қатысты.

      Шебер класс барысында М.Т.Тургамбаева «Мен таңдаған жол» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Келесі кезекте «Физикадан күрделі есептерді шешу» тақырыбында практикалық сабақ көрсетті.

Лицейдің психологі М.Е.Молдағазина  өткізген «Тайм менеджмент уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында өткізген тренинг мұғалімдер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар лицей математигі А.Т.Көбелдес «Оқушылар білімін бағалауда «Google Classroom» бағдарламасының мүмкіндіктері» , физика пәні мұғалімі Ж.А.Исағалиев «Физика пәнін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер».«Flippity» платформасымен оқушыларды топқа бөлу тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында мұғалімдер өзара пікір алмасып, сертификаттар табысталды. 

 

 

 

      Мектепке дейінгі және жалпы орта

      білім беру бөлімінің әдіскері                                                       Ғ.Байсейтова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1