2021 жылдың 26 тамыз күні  «Өзін-өзі тану және ізгілік педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану педагогтеріне арналған облыстық секция жұмысы болып өтті.

Аталған шараға әдістемелік кабинет әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, жалпы білім беретін орта мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің өзін-өзі тану пәнінің 100-ден астам педагогтері  қатысты.

         Секциялық жұмыс Ақтөбе облысының білім басқармасы «Адамгершілік-рухани-тәрбие, өзін-өзі тану және балалардың құқығын қорғау» бөлімінің бас маманы Амина Нурманованың алғы сөзімен ашылып, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі Светлана Жубаеваның жетекшілігімен өтті.

Жұмыс барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренер Айжан Токбасова,  Ақтөбе қаласының базалық білім беру ұйымдарынан: Ақтөбе қаласы, №7 «Арман» мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі Гульмира Кулданова, №39 «Достық» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Виктория Чипегина, Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы орта мектеп-гимназиясының  химия пәні мұғалімі Жалашева Гульнар, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Өзін-өзі тану» және химия пәнінің мұғалімі Нурбол Тоқсанбаев, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар  колледжінің арнайы пән оқытушысы Гулжайнат Максутова, пилоттық ұйымнан:  Ақтөбе қаласы №55 орта мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Ажар Брянова  сабақ жоспарын құрудағы жаңа өзгерістер,  «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау жолдары, пәнді оқытуда АКТ құралдарын қолдану  ерекшеліктері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қорытынды бөлімінде қатысушылармен кері байланыс жасалып, ұсынымдар қабылданды.

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1