Ағымдағы жылдың 5-мамырында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, п.ғ.магистрі Т.В. Михайлова «Сабақта оқытудың белсенді әдістері-оқушылардың ынтасын арттыру шарттарының бірі» тақырыбында шебер-класс өткізді.

Шебер-класс жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С.О.Жубаева ашты.

Татьяна Васильевна тыңдаушыларға теориялық материал ұсынып, қатысушы мұғалімдерге оқушылардың сабақтағы белсенділік деңгейімен, оқытудың белсенді әдістерінің жіктелуімен таныстырды.

Теориялық бөлімнен кейін Татьяна Васильевна қатысушыларды оқу материалын игеру процесінде белсенді ойлау және практикалық іс-әрекетке итермелейтін стратегиялар туралы айтты.

Шебер-класс аяқталғаннан кейін кері байланыс орнатылып, мұғалімдер жылы лебіздерін білдірді.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1