Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай а.ж. 20 - сәуірінде ZOOM  платформасында «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбында  облыстық семинар-практикумы өткізілді.

    Семинарға барлық аудандардың жалпы орта білім беретін мектептерінің 80-ге тарта  физика пәні  мұғалімдері қатысты.

    Іс-шара барысында  Ақтөбе облыстық  мамандандырылған  физика – математика мектеп – интернатының  физика пәні мұғалімі Б.Ж.Бозшин «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптаудың қажеттілігі» , М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының физика пәні мұғалімі

 С.Ж.Жилгельдин «Қашықтан оқыту кезіндегі оқу үдерісінің сапасын арттыруда бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеудің  тиімділігі», М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының физика пәні  мұғалімі Е.С.Омаров «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптаудың тиімділігі» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

     Қатысушылар семинар  соңында өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

 

 

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім

беру бөлімінің әдіскері                                                     Ғ.Байсейтова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1