2021 жылдың 15-сәуірі күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қарғалы ауданы В.И.Пацаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-практикум Zoom платформасы арқылы өткізілді. Іс-шараға облыстың 87 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Семинар-практикумда тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері С.Мулдашева, Е.Багмет, А.Бабаниязова, Т.Абдурзакова сыни тұрғыдан ойлау әдістерінің математика, орыс тілі, жаратылыстану сабақтарында қолдану жолдарын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушы педагогтермен кері байланыс жасалып, сыни тұрғыда ойлатудың бастауыш сынып оқушылары үшін маңыздылығы жөнінде ашық диалог болды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1