2021 жылы 14 сәуірде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Тарих және құқық сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігі мен сыни ойлауын арттыру» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.

Семинарда танымдық белсенділікті арттыру ерекшеліктері және тақырыптық тірек сызбалар мен сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы тарих және құқық сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсаты көзделді. Шарада Хромтау ауданының мұғалімдері Хромтау қаласының № 4 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Нугыманова Мансия Князбаевна тарих сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру барысында «Тарих және құқық сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігі мен сыни ойлауын арттыру» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөліссе, Хромтау ауданы, Дөң мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Календиров Темирхан Нурмағанбетович «Дарынды оқушылармен жұмыс жасау тәжірибесімен» алмасты. Хромтау қаласының №2 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Есжанов Қопабай Мендығалиевич «Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тірек сызбаларын қолдану арқылы қалыптастыру. Ерте темір дәуіріндегі тайпалар мәдениеті» тақырыбында оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыру мақсатында тарих сабақтарында тірек тақырыптық сызбалардың қолданылуын айқын көрсетті.

Тарих сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігі мен сыни ойлауын жандандыру тақырыбындағы шараға 50-ден астам тарих және құқық пәндерінің мұғалімдері қатысты.

 

 

А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1