2021 жылғы 31 наурызда Ақтөбе облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Ақтөбе облысы білім басқармасының, "Өрлеу "БАҰО"АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ, Педагогикалық шеберлік орталығының және Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Әдіскерлер қызметі - сапалы білімнің негізі» атты әдістемелік айлық аясында облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» әдістемелік күні өткізілді.

Мектепке  дейінгі  ұйым  әдіскерлерінің  кәсіби  құзыреттілігін  арттыруда  теориялық  және  практикалық көмек  көрсету мақсаты көзделген шараға облыстың 100-ден астам педагогтері қатысты.

Әдістемелік күн барысында Ақтөбе  облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының  әдіскері М.Т.Мурзагулова  балабақшаларда әдіскер  жұмысының негізгі  бағыттары, педагогтермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстың тиімді түрлері  туралы ашып көрсетсе,  Ақтөбе қаласындағы тәжірибелі және шығармашылықпен жұмыс істейтін әдіскерлер: №27  «Айгөлек» МДҰ Г.К.Иманова, №49 «Думан» МДҰ          А.Т.Казмуханбет және №15 «Жидек» МДҰ Г.Е.Спановалар  өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, соның ішінде жылдық жоспардың мазмұнын, бақылау түрлерін, мектеп жасына  дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг  жүргізудің жолдарын көрсетті. Әдістемелік панораманы қорытындылау мақсатында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтары мен көтерілген мәселелеріне нақты жауаптар берілді.

 

Мурзагулова М.Т.- мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1