2021 жылғы 30 наурызда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай «Жеке тұлғаның зерттеу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.

   Вебинар барысында Шалқар ауданы №1 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Мұханбедияр Қамқа Сидаққызы «Жеке тұлғаның зерттеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер» тақырыбында сөз қозғап, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан  ойлау, талантты және дарынды балаларды оқыту әдістері, білім берудегі басқару және көшбасшылық туралы айтып өтті.      

   Сонымен қатар эвристикалық, алгоритмдеу ,«медиабілім» әдістеріне есептер шығарылып, графиктерді салуда GeoGebra бағдарламасы қолданылып, функция графиктерін түрлендіруге зерттеу жұмыстары  және «Геометрия және сәулет» тақырыбында жоба қорғау жұмыстары жүргізілді.

       Вебинардың  практикалық бөлімінде М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Жилгельдин Бауыржан  Жексенгалиевич «Күрделі есептерді шығаруда зерттеу әдісін қолдану» тақырыбында бірнеше күрделі есептерді шығарып, алмастыру әдісіне, функцияны зерттеу, ықтималдықтар теорясына мысалдар келтірді.

    Соңында қатысушылар өз ойларын  ортаға салып, өзара пікір алмасты.

 

Мектепке дейінгі және жалпы

орта білім беру бөлімінің әдіскері                             Ғ.Байсейтова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1