Ағымдағы жылдың 30-наурызында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, п.ғ.магистрі Т.В. Михайлова «Lesson Study ұйымдастыру және өткізу арқылы мұғалімнің кәсіби дамуы» тақырыбында шебер-класс өткізді.

Шебер-класс жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С. О. Жубаева ашты.

Татьяна Васильевна тыңдаушыларға әр кезең бойынша қадамдық іс-қимылдармен және ұсынымдармен теориялық материалдарын ұсынды. Содан кейін өзінің көп жылғы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, бұл жұмыстың мектепте қалай ұйымдастырылғанын көрсетті.

Шебер-класс аяқталғаннан кейін кері байланыс ұйымдастырылып, мұғалімдер онлайн режимінде сауалнама сұрақтарына жауап берді. Шебер-класс практикалық бағытта жүргізіліп, көптеген мұғалімдерге қызығушылық тудырып, осы зерттеуді өз мектебінде өткізуге ниет білдірді.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1