Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Ақтөбе қаласы Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебімен бірлесіп Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында облыстық эссе байқауы өтті. Жазушы, драматург, ақын Ілияс Есенберлиннің шығармаларын кеңінен насихаттау, жазушы есімін ұлықтау, педагогтердің кәсіби-педагогикалық шығармашылығын шыңдау және шығармашылықпен жұмыс жасайтын креативті педагогтерді анықтаумақсатында өткен байқауға барлығы 64 жұмыс түсті.
«Есенберлин және қазіргі заман: оның идеяларының бүгінгі көрінісі», «Есенберлин шығармаларының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі рөлі», «Есенберлин шығармаларының аудармасы және әлемдік әдебиеттегі орны», «Ілияс Есенберлин шығармаларындағы қазақ интеллигенциясы» атты 4 тақырып бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ээсе жазып, бақтарын сынады. Қатысушылар облыстық әдістемелік орталығының Диплом, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Есенберлин және қазіргі заман оның идеяларының бүгінгі көрінісі
Есенберлин шығармаларының аудармасы және әлемдік әдебиеттегі орны
Есенберлин шығармаларының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі рөлі