2021 жылдың 26 наурызында облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес онлайн форматта «Сауат ашу негіздері: оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістері» тақырыбында өткен шебер-класқа мектепалды даярлық топтар мен сыныптардың тәрбиешілері шақырылды.

Мақсаты: шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің  табысты тәжірибесін және мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашу негіздерін оқытуда тиімді әдістері мен тәсілдерін тарату.

Шебер-класс барысында Темір ауданының №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Б.М. Ақбалиева «Сауат ашу негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметінде 4 К моделін қолдану»  және Ақтөбе қаласының № 15 "Жидек" балабақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Т. В. Ледакова «Игровые методы и приемы в обучении грамоте детей  дошкольного возраста» тақырыптарында тәжірибелерімен  бөлісті.

Педагогтер панорамалық бейне-сабақтарды көрсету арқылы балаларды сауат ашу негіздерін оқыту бойынша ойын тәсілдерін тиімді пайдалануды көрсетті.

Шебер-класс соңында қатысушылармен кері байланыс өткізіліп, пікір алмасып, тәрбиешілер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

 

 

М.Мурзагулова- мектепке  дейінгі  және жалпы орта білім  беру бөлімінің әдіскері

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1