Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай 2021 жылғы 16 наурызда онлайн тәртібінде Мәртөк ауданы №2 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, педагог - шебер Қаратаева Шұға Таласбаевнаның «Математикалық ұғымдарды қалыптастыруда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында  шебер класы өткізілді.

     Мақсаты:  оқушылардың логикалық ойлау  қабілетін дамыту, стандартты емес есептерді шешуде негізгі ұғымды меңгерту және оларды  қабылдауға мүмкіндік жасау, қызығушылықтарын арттыру.

     Шебер класқа  60 - тан астам математика    пәні  мұғалімдері қатысты.

Іс-шара ZOOM платформасында  өткізілді.

     Шебер класта Шұға Таласбаевна «Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы тиімді әдістер» тақырыбында презентация жасап, қатысушылармен топтық, жұптық жұмыстар жүргізіп, қызықты логикалық есептер шығарып, кері байланыс жасады.Логикалық ойлауға, «Кайдзен» әдісіне бірнеше есептердің шығару жолдарын көрсетті.

    Сонымен қатар «Стандартты емес есептерді шешу»  тақырыбында практикалық жұмыс көрсетіп, күрделі есептерді шығарудың тиімді-әдіс-тәсілдерін көрсетті.

   Шебер класс соңында  қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

 

 

Мектепке дейінгі және жалпы

орта білім беру бөлімінің әдіскері                                  Ғ.Байсейтова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1