Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың  10 наурыз күні ««Жас басшы мектебі» жобасы аясында  «Қазіргі заманғы мектеп жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн әдістемелік вебинары өтті.

Вебинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың директорының орынбасары Ж.А.Исатаева ашып, «Жас басшы мектебі» жобасының бағыттарына тоқталды.

Вебинарға қала, аудан мектептерінен басшылық қызметте еңбек өтілі 5 жылға дейінгі мектеп директорлары шақырылды.

 Вебинар психологиялық тренингпен басталып, басшылармен біріккен сұрақ - жауап арқылы психологиялық ахуалда жалғасты.

Ақтөбе қаласы мектептерінің директорлары Байниязова Нұргүл Жолмырзақызы (15ЖОББМ), Жантурина Марфуға Саменовна (№65ЖОББМ), Баймаганбетова Айгуль Амангелдиевна (№28 ЖОББМ), Байдрахманова Нұржамал Сайлауовна (№67ЖОББМ)    мектептің әдістемелік жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы,   мектепішілік бақылау: ұйымдастыру мен жүргізу жолдары, дарынды балалармен жұмыс, жаңартылған білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы  бағыттарында теориялық және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір кітап» акциясымен аяқтап, тыңдаушылардың жеке пікірлері мен ұсыныстарын беруге мүмкіндік жасалды.

Вебинарға аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері,  мектеп директорлары  қатысты.

 

 

Мектепке дейінгі және жалпы

орта білім беру бөлімінің әдіскері                             Б.С. Туржанова

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1