2020 жылдың 17-қарашасында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы базасында ZOOM платформасы арқылы Ақтөбе қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманиязова Сара Советовнаның жетекшілігімен «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары» шығармашылық шеберхана жұмысының отырысы өткізілді. Отырыс мүшелері қазақ тілді 17 бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған.

Шеберхана отырысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаеваның алғы сөзімен ашылып, Ақтөбе қаласы, №69 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры А.Әбдіжәлелованың сөзімен жалғасты.

Шеберхана жетекшісі С.Иманиязова бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту жолдары туралы теориялық мәлімет беріп, оқушыларының жүргізген зерттеу жұмыстарымен қорытынды жасаса, мектеп психологі А.Саин мұғалімнің құзіреттілігін арттыруда отырыс мүшелерімен психологиялық тренинг өткізді.

Қашықтан өткізілген отырысқа қатысушы мұғалімдер белсенділік танытып, жұмыс соңында кері байланыс жасалды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1