Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылдың 10 сәуір күні  сағат 10.00-де Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес  №19 орта мектебінде  аудандық (қалалық) жалпы білім беретін орта мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында педагог-ассистенттің кәсіби рөлі»  тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Шараның мақсаты – педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Семинар-практикумде Ақтөбе қалалық №19 орта мектебінің педагогтері  өз іс-тәжірибелерімен бөліскен баяндамашылар: Акалка Кенесовна Абубакирова –директордың оқі-ісі жөніндегі орынбасары,  Гульмира Миржановна Доскина- педагог-ассистент, Жанель Мұратқызы Арыстанова -психолог.

Семинар барысында қатысушылар:

  • педагог-ассистенттің функционалдық міндеттерімен;
  • инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдерімен;
  • білім алушыларды қолдаудың тиімді стратегияларымен танысты;
  • практикалық жаттығулар арқылы нақты жағдайларды талдап, шешу жолдарын қарастырды.

Қатысушылар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгерді. Инклюзивті білім беру жағдайында педагог-ассистенттің рөлі мен жауапкершілігі жан-жақты талқыланды.

Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандары мен педагогтер арасындағы кешенді, үйлесімді командалық өзара іс-қимыл ғана ерекше білім беруді қажет ететін балалардың табысты бейімделуіне мүмкіндік береді. Осындай бірлескен жұмыс нәтижесінде білім алушылар үшін қолайлы, қауіпсіз және қолжетімді инклюзивті білім беру ортасы қалыптасады.

Мұндай орта балалардың өзін-өзі күту, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамытуға, әлеуметтік ортаға бейімделуіне, еңбекке араласуына және болашақта қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасайды.

Іс-шара аясында топтық жұмыстар, кейс-талдау, пікір алмасу алаңдары және шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті кәсіби сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ практикалық дағдыларын жетілдірді.

Семинар-практикум педагог-ассистенттердің кәсіби дамуына серпін беріп, инклюзивті білім беру жағдайында сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әрі тиімді алаң болды.

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT