2026 жылғы 18 наурызда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы №65 жалпы білім беретін орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғазиза Ерболатқызы Қоразованың жетекшілігімен «Анализ и планирование уроков» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхананың үшінші отырысы қашықтан өткізілді.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/350-analiz-i-planirovanie-urokov#sigFreeId362e28b9e4
Шеберхананың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Әжібаева Айнұр Қайроллақызы сөз сөйлеп, аталған алаңның педагогтердің кәсіби дамуы мен біліктілігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Бағдарлама тәжірибеге бағытталған мазмұнда ұйымдастырылды. Іс-шара «Сумка учителя» атты тренингпен басталып, қатысушыларға еркін пікір алмасып, кәсіби рефлексия жасауына мүмкіндік берілді.
Шеберхана жетекшісі негізгі бөлімде Ғазиза Қоразова флеш-сессия өткізіп, сабақ жоспарлаудың мұғалім қызметіндегі рөлі мен оқу үдерісінің сапасын арттырудағы маңызын жан-жақты талдады.
Сонымен қатар, практикалық бөлімде педагогтер нақты тапсырмалар орындап, тәжірибелерімен бөлісті. Хромтау қаласындағы №2 мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұргүл Сисенғалиева «Снежная королева. Увлекательное путешествие Герды», Алға қаласындағы №4 Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Орынгүл Жақсымбет «Как хлеб на стол пришел», ал Қобда ауданы И.Тайманов атындағы орта мектеп мұғалімі Гүлнұр Накеш «Система образов в повести «Собачье сердце» тақырыптарында панорамалық сабақтарын ұсынды.
Рефлексия кезеңінде «Личный компас» әдісі арқылы қатысушылар өз ой-пікірлері мен қорытындыларын білдірді.

