Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылдың 19 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес арнайы білім беру ұйымдары мен аудандық (қалалық) жалпы білім беретін орта мектептердің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтеріне арналған «Ерекше  білімді қажет ететін балаларды оқытуда - тиімді сабақтарды  жоспарлау» тақырыбында облыстық семинар - практикум өтті.

Шараға  55 педагогтер мен арнайы мамандар  қатысты.

Облыстық семинар-практикумнің негізгі мақсаты – ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру және инклюзивті білім беру бойынша тәжірибе алмасу.

          Семинар-практикумда ең алдымен инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттары талқыланды. Қатысушылар ерекше білімді қажет ететін балалардың әрқайсысының жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, даму деңгейін ескере отырып білім беру қажеттілігі туралы пікір алмасты. Мұғалімнің басты міндеті – әр оқушыға қолайлы оқу ортасын құру, олардың оқу материалын меңгеруіне мүмкіндік беру екендігі айтылды.

Семинар барысында тиімді сабақ жоспарлаудың жолдары кеңінен қарастырылды. Мұғалімдерге сабақ жоспарын құру кезінде келесі мәселелерге назар аудару ұсынылды:

  • оқушының жеке білім беру қажеттіліктерін ескеру;
  • оқу мақсаттарын нақты және қолжетімді етіп анықтау;
  • саралап оқыту тәсілдерін қолдану;
  • түрлі әдіс-тәсілдер мен көрнекі құралдарды пайдалану;
  • оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Семинарда сараланған және бейімделген оқыту әдістері туралы тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды. Мұғалімдер топтық жұмыс, ойын элементтері, визуалды материалдар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын талқылады. Әсіресе, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдауды,  ерекше білімді қажет ететін балалар үшін тапсырмаларды жеңілдету, кезең-кезеңмен түсіндіру тәсілдері көрсетілді.

Облыстық семинар-практикум педагогтарға ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған тиімді сабақ жоспарлау бойынша теориялық және практикалық білім беріп, инклюзивті білім беру тәжірибесін дамытуға бағытталды. Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, әр баланың сапалы білім алуына мүмкіндік жасауға ықпал етеді.

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT