Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылғы 27 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Pro-Qoldau» жобасы аясында «Еңбек нарығына бағытталған ТжКБ: мазмұн мен сапа өлшемдері» тақырыбында өңірлік семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты – еңбек нарығына бағдарланған ТжКБ жүйесін дамыту аясында білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттар негізінде жаңарту, микробіліктілік жүйесін енгізу, инклюзивті білім беру практикасын кеңейту және халықаралық стандарттарға сәйкес нәтижеге бағдарланған кадр даярлау жүйесін қалыптастыру.
Шара барысында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі директорының IT жөніндегі орынбасары Г.Изтаева «Profi-Start» өңірлік кластері негізінде ерте кәсіптік бағдар беруден бастап мақсатты жұмысқа орналастыруға дейінгі синхрондалған жүйе тәжірибесін таныстырды.
Қарағанды техника-құрылыс колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, «Талап» КЕАҚ тренері Қ.Жуманбаева және бөлім меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы А.Бондарева инклюзивті ТжКБ жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі А.Ахмеджанова жаңартылған кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысындағы тәжірибе, қиындықтар және шешу жолдарын ұсынды.
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Юбасарова еңбек нарығы талаптарына сәйкес микробіліктілік жүйесін жетілдіру мәселелеріне тоқталды. Соынмен қатар, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Утеулиев халықаралық аккредиттелген колледж тәжірибесі негізінде ТжКБ мазмұнын трансформациялау бағыттарын таныстырды.
Семинар ашық микрофон форматында жалғасып, қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Шара өңірлік тәжірибе алмасуға және басқару кадрларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған тиімді диалог алаңына айналды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT