Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ассоциациясы
 «ЖАҢА ТҮРПАТТЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ»

БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДІК АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ІІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 8 сәуірде Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің коворкинг орталығында «Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімі: педагогикалық шеберлік пен білім беру нәтижелері» тақырыбында бастауыш сынып пәндік ассоциациясының ІІ отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім сапасын жақсарту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.

Ассоциация отырысының кіріспе бөлімінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі С.Жубаева сөз сөйлеп, облыста білім сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелеріне назар аударып, педагог қызметінің сапасын арттыруға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Ассоциация жетекшісі, Ақтөбе қаласындағы №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Т.В.Михайлова педагогтің кәсіби дамуының негізгі тетігі ретінде өзін-өзі жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Ол қазіргі білім беру кеңістігінде мұғалімнің тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар үздіксіз ізденістегі, жаңашыл және зерттеуші тұлға болуы қажеттігін атап өтті.

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Ж.М.Жарылғасова қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру барысында кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.

Отырыс барысында Хромтау ауданы №3 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Н.Ерназарқызы қазақ тілі сабақтарында қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану тәсілдерін ұсынды. №2 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А.П.Искакова бастауыш білім беру сапасын арттырудың заманауи әдістеріне тоқталса, Ақтөбе қаласындағы KAZGUU мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.Ж.Мустафин оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таныстырды.

Сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Қ.Дощанова оқушылардың дивергенттік ойлауын дамытудың тиімді жолдары туралы баяндама жасап, Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Б.Төлекбаева оқу сауаттылығын дамыту аясында мәтінді түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.

Отырыс соңында қатысушылар ұсынылған тәжірибелер мен әдістемелік тәсілдер төңірегінде пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады. Нәтижесінде бастауыш білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, алдағы жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 6-ақпанда Ақтөбе облысының бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының I отырысы өтті.  

Қауымдастық жетекшілері №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Михайлова Татьяна Васильевна мен Әл-Фараби атындағы мамандандырылған  гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Жарылғасова Жанылсын Майлановна І отырысты  «Бастауыш білім берудің заманауи шақырулары: оқу процесінде цифрландыру және жасанды интеллект» тақырыбында өрбітті.

Отырыс аясында бастауыш мектеп тәжірибесінде цифрлық білім беру ресурстарын және жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселелері қаралды. Қатысушылар қазіргі технологиялар оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыруға, танымдық белсенділігін арттыруға және жеке оқытуға қалай ықпал ете алатынын талқылады.

Арнайы назар педагогтің цифрлық трансформация жағдайындағы рөліне, жасанды интеллектіні қолданудың қауіпсіздігі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестігіне, сондай-ақ дәстүрлі педагогикалық әдістер мен инновациялық тәсілдер арасындағы тепе-теңдікті сақтауға аударылды.

Педагогтер оқу процесінде цифрлық платформаларды, интерактивті тапсырмаларды және жасанды интеллект элементтерін қолдану тәжірибесімен бөлісті, кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдарын талқылады. Отырыс конструктивті диалог, кәсіби ынтымақтастық және пікір алмасу атмосферасында өтті.

Өткізілген кездесуде педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының маңызы және заманауи шақырулар жағдайында бастауыш білім сапасын арттыру үшін тиімді шешімдерді бірлесіп іздеудің қажеттілігі айтылды.

Биология пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
 

БИОЛОГИЯ ПӘНДІК АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 20 сәуір күні Ақтөбе қаласы №56 жалпы орта білім беретін мектебіндегі коворкинг орталығында «Биология пәнінен функционалдық сауаттылық: білімнен - тәжірибеге» пәндік ассоциациясының ІІ отырысы өтті.

Биология пәнінен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында тиімді оқыту әдістерін анықтау және оларды оқу үдерісінде қолдану,  мұғалімдермен тәжірибе алмасу мақсатында өткен отырыста Әйтеке би ауданы Талдысай ЖОББМ биология пәні мұғалімі Лаура Сырмаханова «Тірі ағзалардағы энергияның айналымы және өмір сүру тепе-теңдігі», Ақтөбе қаласы №9 ОМГ биология пәні мұғалімі Жалгас Кукенов «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – биология пәнін оқытудың стратегиялық бағыты», Ақтөбе қаласы №10 ЖББОМ биология пәні мұғалімі Нурила Есенова «Жасушалық биологияны оқытудағы тиімді әдістер: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Биология пәні бойынша функционалдық тапсырмалардың мазмұны, құрылымы және оларды оқу үдерісіне кіріктіру жолдары талданды.

Ақтөбе қаласы Благодар ОМ биология пәні мұғалімі Света Абдыкалыкова функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тақырыптық тапсырмаларды талдау жолдарына тоқталды.

Қатысушылар тапсырмаларды құрастыруда оқу бағдарламасының талаптарын, пәнаралық байланысты, өмірлік жағдаятты қолдану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық зерттеулер форматындағы тапсырмаларды енгізудің маңыздылығына тоқталды.  

Отырыс соңында рефлексия өткізіліп, функционалдық тапсырмаларды сабақта жүйелі қолдану ұсынылды. Пән бойынша тапсырмалар банкін қалыптастыру туралы шешім қабылданды.   


География пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
 
Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
 
Информатика пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
Математика пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
 
ОБЛЫСТЫҚ «МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ» ОЛИМПИАДАСЫ

         2026 жылғы 27 ақпанда Ақтөбе облыстық математика  пәні мұғалімдерінің ассоциация қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес   облыстық математика пәні  мұғалімдеріне арналған “Математикалық прогрессия”олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

      Іс-шараның негізгі мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, пәндік білім деңгейін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін қолдау, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау болды.

       Олимпиадаға Ақтөбе облысының аудан-қалаларынан келген математика пәні мұғалімдері қатысып, пәндік білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар олимпиада барысында әртүрлі деңгейдегі математикалық есептерді шығарып, өздерінің теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларын дәлелдеді. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етті. Олимпиадаға 42 математика мұғалімі қатысты. Бірінші турда ҰБТ тапсырмалары, екінші турда олимпиадалық тапсырмалар шешілді. Қатысушылардың 45% жүлделі орындарға ие болды. Аталған олимпиада математика пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.  Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

«МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА: ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

 

         2026 жылғы 31 наурызда Ақтөбе облыстық математика пәні мұғалімдерінің ассоциация қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес «Математикалық олимпиада: жеңіске жету жолдары» тақырыбында  облыстық семинар өткізілді.

      Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, математикалық олимпиадаларға оқушыларды сапалы даярлаудың тиімді әдістерін насихаттау, тәжірибе алмасу және дарынды оқушылармен жұмысты жетілдіру.

      Шараға   аудандық және қалалық жалпы білім беретін мектептерінен  математика пәні мұғалімдері мен қауымдастық мүшелері қатысты. Семинар барысында олимпиадалық дайындықтың заманауи бағыттары, пәндік білімді тереңдету жолдары, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

       Семинар бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде қатысушыларға математикалық олимпиадалардың құрылымы, тапсырмалардың ерекшеліктері және халықаралық тәжірибелерде  қолданылатын дайындық модельдері таныстырылды.

      Практикалық бөлімде тәжірибелі педагогтер олимпиадалық есептерді шешу бойынша шеберлік сағаттарын өткізіп, есептерді талдау, дәлелдеу мәдениетін қалыптастыру, математикалық пайымдау мен шығармашылық ойлауды дамыту бағытындағы жұмыстарымен бөлісті. Қатысушылар топтық жұмыстар орындап, күрделі есептерді бірнеше тәсілмен шешу жолдарын талқылады және өз тәжірибелерін ортаға салды.

    Іс-шарада  дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру, олимпиадалық резерв қалыптастыру, ұзақ мерзімді дайындық жоспарын құру, цифрлық білім беру платформаларын тиімді пайдалану, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде орынды қолдану мәселелері де қарастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың психологиялық дайындығын қалыптастыру, уақытты тиімді басқару, жарыс кезіндегі күйзелісті жеңу жолдары туралы ұсыныстар берілді.

    

 

 
Музыка пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
Тарих пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
Орыс тілі пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
2026 жылғы 11 наурыз күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ассоциация жоспарына сәйкес №9 орта мектеп-гимназиясының коворкинг орталығында «AI-помощник учителя: сабақ жоспарларын құруда және тапсырмалар дайындауда нейрожелілерді қолдану» тақырыбында практикалық семинар өтті.Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерімен танысып, оларды сабақ жоспарын дайындау, шығармашылық және деңгейлік тапсырмалар құрастыру, оқу материалдарын тиімді ұйымдастыруда қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде қарастырды.Педагогтер нейрожелілерді білім беру үдерісінде тиімді пайдалану, уақытты үнемдеу және оқушылардың қызығушылығын арттыру бағытында өзара тәжірибе алмасты. Семинар практикалық жұмыстарға толы болып, қатысушыларға жаңа идеялар мен цифрлық құралдарды меңгеруге мүмкіндік берді.Заманауи технологиялар – сапалы білім берудің жаңа мүмкіндіктері!    
Химия пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
 
ХИМИЯ ПӘНДІК АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 24 сәуір күні Ақтөбе қаласы №80 жалпы орта білім беретін мектебіндегі коворкинг орталығында «Химия пәні арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру: теория мен тәжірибе сабақтастығы» пәндік ассоциациясының ІІ отырысы өтті.  

Отырыс барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың теориялық негіздері, химия сабақтарында білімді өмірмен байланыстыру тәсілдері, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру талқыланды.

Ақтөбе қаласы №27 орта мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Ляйля Буркутова «Сабақтағы химия – өмірдегі шешім» тақырыбында химиялық білімнің өмірмен байланысын көрсету жолдары бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Мәртөк ауданы №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Шолпан Жиенбаева химиялық білімді күнделікті өмірде қолдануға бағытталған әдістерді ұсынды.

Ақтөбе қаласы №82 жалпы білім беретін орта мектебінің химия пәні мұғалімі Әзиза Абылайқызы «Тұрмыстық химия өнімдерінің сапасын титрлеу әдісімен сараптау» тақырыбында зертханалық жұмыстардың тиімділігін көрсетсе, осы мектептің химия пәні мұғалімі Аяжан Боқырова «Ас мәзіріндегі химия: тағамдық қоспалардың (Е-кодтары) адам ағзасына әсері» тақырыбында тағам қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы №80 жалпы білім беретін орта мектебінің химия пәні мұғалімі, ассоциация жетекшісі Жанат Булекова «Йодометриялық талдау арқылы тағам өнімдерінің сапасын анықтау: білімнен тәжірибеге» тақырыбында тәжірибелік зерттеу жұмыстарын таныстырды.

Іс-шара педагогтердің тәжірибе алмасуына, химия пәнін оқытудағы заманауи әдістерді жетілдіруге және білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

 

Физика пәні мұғалімдерінің ассоциациясы
 
«ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР: БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА  ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
 
2026 жылғы 27 ақпанда Ақтөбе облыстық физика пәні мұғалімдерінің ассоциация қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес «Цифрлық технологиялар мен инновациялар: білім беру жүйесінің жаңа дәуірі» тақырыбында қашықтан облыстық семинар өткізілді.

       Семинар мақсаты- физика сабағында цифрлық симуляцияларды , білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдарын көрсету мұғалімдердің цифрлық және әдістемелік құзіреттілігін арттыру.

        Шара  барысында  тәжірибелі мұғалімдер өздерінің авторлық әдістемелік тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті сабақ барысында қолданылып жүрген цифрлық сервистердің тиімділігіне тоқталды. Онлайн платформалар, интерактивті тапсырмалар, цифрлық модельдер, виртуалды симуляциялар мен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибелері көрсетілді.

       Қатысушылар сабақтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық құралдармен танысып, оларды оқу үдерісіне енгізудің жолдарын талқылады. Сонымен қатар цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, жасанды  интеллект пен онлайн платформаларды сабақта қолдану ерекшеліктері, физика сабақтарында  инновациялық  педагогикалық технологияларды енгізу бойынша мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибелері ұсынылды.

       Шара соңында  қатысушылар цифрлық білім беру ортасын дамыту, заманауи технологияларды сабақта тиімді пайдалану және кәсіби ынтымақтастықты нығайту бағытында ұсыныстар қабылдады. Сонымен қатар  педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, заманауи цифрлық құралдарды білім беру үдерісіне енгізу бойынша жаңа идеялар қалыптастыруға және физика пәнін оқытудың сапасын арттыруға оң ықпал етті.

    Әрбір ұсынылған жұмыс қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, тәжірибеде қолдануға болатын тиімді әдіс ретінде танылды.
 
 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҚТАРЫНДА PISA ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСЫ (PISA, TIMSS)»  ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

         2026 жылғы 3  сәуірде  Ақтөбе облыстық физика пәні мұғалімдерінің ассоциация қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес «Жаратылыстану сабақтарында PISA тапсырмаларын қолданудағы өмірмен байланысы (PISA, TIMSS)» тақырыбында  қашықтан облыстық семинар өткізілді.

       Іс-шараның негізгі мақсаты – жаратылыстану пәндерін оқыту барысында PISA және TIMSS халықаралық зерттеулерінің тапсырмаларын тиімді қолдану тәжірибесін тарату, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған оқыту әдістерін насихаттау.

       Семинар жұмысына  жалпы білім беретін мектептерінің физика  пәні мұғалімдері қатысты. Шара барысында халықаралық зерттеулердің ерекшеліктері, PISA тапсырмаларын сабақтың әр кезеңінде қолданудың тиімді жолдары, оқушылардың өмірлік жағдаяттарға негізделген есептерді орындау дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар физика  сабақтарында өмірмен байланысты тапсырмаларды тиімді пайдалану, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер мен үздік педагогикалық тәжірибелер таныстырылды.

     Педагогтер  PISA және TIMSS форматындағы тапсырмаларды құрастыру мен қолдану тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар  тәжірибе алмасып, өзара пікірлерімен  алмасты.

     Семинар қорытындысында халықаралық зерттеулер талаптарына сәйкес білім беру сапасын арттыру, сабақ мазмұнын өмірмен байланыстыру және функционалдық сауаттылықты дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде ұсыныстар қабылданды. Қатысушылар семинардың өзектілігін атап өтіп, ұсынылған тәжірибелердің күнделікті сабақта қолдануға тиімді екенін және  кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, тәжірибе алмасуына және білім беру үдерісіне заманауи, тиімді оқыту технологияларын енгізуге ықпал ететінін атап өтті.

 

 

 

Joomla Plugins

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT