Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылдың 14 қаңтар күні  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының  жылдық жоспарына сәйкес арнайы  білім беру ұйымдары мен  жалпы білім беретін мектептердің педагогтері, аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған «Инклюзивті және арнайы білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел  онлайн форматта өткізілді.

Дөңгелек үстелдің өткізу мақсаты- инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін жетілдіру, тиімді тәсілдер мен озық тәжірибелерді талқылау, педагогтердің кәсіби даму деңгейін арттыру.

Іс-шара педагогтердің өз тәжірибесіне сыни көзқараспен қарап, кәсіби қызметін саналы түрде жетілдіруіне бағытталды.

Аталған дөңгелек үстелде арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептен қатысқан спикерлер Ақтөбе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның әдіскері - Б.Щ.Еспагамбетова, Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары- Э.А.Коблаш,   Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің әдіскері-  С.М.Нұрмағамбетова, Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің психологы-А.З.Жакибаева және  Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш түзету класының мұғалімі Ж.К. Аяпова арнайы педагогтің кәсіби құзыреттілігі, инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі түзету жұмыстары, ассистивті технологиялар, заманауи цифрлық және педагогикалық форматта жұмыс жүргізу, жалпы орта білім беретін мектептегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстары туралы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға 65 педагогтер қатысты.

Сапалық құрам

20000
жалпы педагог саны
5000
педагог-модератор
4000
педагог-сарапшы
3500
педагог-зерттеуші
0
педагог-шебер

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT