Білім беру үдерісінде шығармашылықты дамыту мен оқушының қиялын ұштауға бағытталған заманауи әдістерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Сторителлинг арқылы оқыту – шығармашылық бастауы» атты облыстық шеберхананың №2 отырысы 12 қаңтар күні ZOOM платформасы арқылы қашықтан өткізілді.
https://bilimaktobe.kz/kz/2-uncategorised/278-storitelling-ar-yly-o-ytu-shy-armashyly-bastauy-oblysty-sheberkhanasyny-2-otyrysy-zoom-platformasynda-tt#sigFreeId74d4c5bf62
Мақсаты: педагогтердің шығармашылық əлеуетін арттыру,строителлинг əдісі арқылы білім алушылардың қиялын дамыту жолдарын тəжірибе жүзінде көрсету
Шеберхана жұмысын Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, г.ғ.магистрі Жубаева Светлана Онайевна ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған облыстық шеберханаға өңірдің әртүрлі білім беру ұйымдарынан педагогтер қатысып, сторителлинг әдісін оқу-тәрбие үдерісіне тиімді енгізу жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Қашықтан өткен іс-шара педагогтердің кәсіби өзара байланысын кеңейтіп, қашықтан оқыту жағдайында да сапалы әдістемелік жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді.
Шеберхана барысында сторителлинг технологиясының теориялық негіздері, оның бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауын, тілдік дағдыларын және коммуникативтік қабілеттерін дамытудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, тәжірибелік бөлімде нақты сабақ үлгілері, авторлық тапсырмалар мен әдістемелік тәсілдер ұсынылды.
Қатысушылар сторителлингті оқу пәндеріне кіріктірудің тиімді жолдары, цифрлық платформаларды пайдалана отырып, оқушыларды әңгіме құрастыруға ынталандыру әдістері туралы құнды ақпарат алды. ZOOM платформасы арқылы кері байланыс орнатылып, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара соңында облыстық шеберхананың келесі отырыстарында қарастырылатын тақырыптар белгіленіп, педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Облыстық шеберхананың №2 отырысы педагогтер үшін тәжірибе алмасудың, кәсіби дамудың және заманауи оқыту әдістерін меңгерудің тиімді алаңына айналды.



