Мектеп басқаруында жасанды интеллект: директорларға арналған оқыту семинары өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/2-uncategorised/274-zhi-raldaryn-mektep-k-msh-l-g-zh-mysyna-eng-zu#sigFreeId0c13f4547a
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру саласындағы заманауи бағыттарымен танысып, оны мектеп әкімшілігінің күнделікті жұмысында қолданудың нақты жолдарын үйренді. Атап айтқанда, құжат айналымын автоматтандыру, есептер мен талдауларды дайындау, жоспарлау, ішкі коммуникацияны жақсарту және уақытты тиімді басқару мәселелері қарастырылды. Оқыту практикалық форматта өтті: директорлар ЖИ құралдарымен тікелей жұмыс жасап, нақты мысалдар мен кейстер негізінде тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, жасанды интеллектті қолданудағы этика, деректер қауіпсіздігі және жауапты пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қатысушылары ЖИ технологиялары мектеп басқаруында тек уақытты үнемдеп қана қоймай, басқару сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұндай оқыту іс-шаралары білім беру ұйымдарының цифрлық трансформациясына серпін беріп, мектеп басшыларының заманауи басқарушылық құзыреттерін дамытуға ықпал етеді.
Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта жасанды интеллект құралдарын мектеп тәжірибесіне кезең-кезеңімен енгізуге дайын екендіктерін білдірді.



