2025 жылдың 20 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылына орай «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында «Болашақ мамандықтарының навигаторы: кәсіптік бағдарлаудың тиімді практикасы» оқыту семинары өтті.

Семинар медицина саласы бағытында мамандық таңдауға арналды. Шара барысында ШЖҚ Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің кәсіптік бағдар беру ұйымының төрайымы Жумагалиева Айымгуль Сагитжановна «Мамандық таңдау маңызды іс»; Жоғары көпсалалы "Болашақ" колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Омарова Гульназ Орынтаевна «Жалпы тәжіребедегі мейіргер ісі»; Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Жиенгулова Дина Самигуллаевна «Бүгінгі түлек-болашақ жас маман» тақырыптарында медицина саласы бойынша колледжінде оқытылатын мамандықтарымен таныстырып, жыл өткен сайын медицина саласы дамып келе жатқанын атап өтіп, медицина мамандығының маңызын айтып өтті.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, психолог. Педагогика ғылымдарының магистрі Байдуашова Сандигуль Базаркуловна «Мамандық таңдаудың мәні неде?» тақырыбында мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Семинар соңында медицина мамандықтары бойынша сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.
Шараға білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар жетекшілері және 9 сынып оқушылары қатысты

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан