Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе облысының жалпы білім беретін педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтары мен класс жетекшілеріне арналған ««Моббинг және Буллинг» олармен күресу жолдары» атты оқыту семинар өтті.
Шараны Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Т.М. Кужагалиев алғы сөзбен ашты. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы А.М. Нурманова қатысты.
Оқыту семинарында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психолог-әдіскері А.А. Тоқсанбаева «Буллинг және моббинг ұғымы туралы не білеміз және оның мәні қандай?», «Мобинг және Булингті жеңудің психологиялық жолдарын қарастыру» тақырыбында мамандармен теориялық және практикалық бағытта өз іс-тәжірибесімен бөлісті.