Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 23 ақпан күні «Кәсіби бағдар берудің мақсаты, оның маңыздылығы» тақырыбында облыстық онлайн семинар - кеңес өтті. Кеңеске қалалық, аудандық білім бөлімдері және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беруге жауапты мамандары қатысты.
Семинар барысында облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан кәсіби бағдар беру жұмысы туралы ақпарат беріліп, «Вертуалды саяхат», «Новигатор» жобасы, оқушылар портфолиосы, «Ата-ана жұмысындағы бір күн» әлеуметтік тәжірибесін жүзеге асыру жолдарымен таныстырылды. Сонымен бірге жауапты мамандар өз ұсыныстары мен пікірлерін айтып, сұрақтар қойды.
Кәсіби бағдар беру жұмысы жалпы білім беретін мектептер мен техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының серіктестігі арқылы жүзеге асырылатын болады.