Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен «№1 балалар музыка мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың скрипка, флейта,  фортепиано, вокал класының оқытушыларына, хор жетекшілеріне арналған «Қазіргі заманғы классикалық музыка өнерінде білім берудегі инновациялық бағыттары»  тақырыбында облыстық  шебер-класс өтті.

Аталған шараға облыстың 60-қа жуық балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың скрипка, флейта,  фортепиано, вокал класының оқытушыларына, хор жетекшілері қатысып, теориялық білім мен тәжірибелік шеберлігін шыңдады. 

        Шебер-класс  барысында Шакимова Айганым Мураткалиевна, Ақтөбе қаласы, №1 Балалар музыка мектебінің флейта  класының оқытушысы, педагог-зерттеуші «Флейта сабағын таңдаудың 10 себебі», Ауесова Лаура Мажитовна, №1 Балалар музыка мектебінің скрипка  класының оқытушысы, педагог-зерттеуші «Техникамен жұмыс», Димитренко Татьяна Анатольевна, №1 Балалар музыка мектебінің фортепиано класының оқытушысы, педагог зерттеуші «Дайындық сыныбында бастапқы дағдыларды қалыптастыру»,  Сиванова Лариса Викторовна, №1 Балалар музыка мектебінің фортепиано класының жоғары санатты оқытушысы «Кіші пьесалар ансамбль формалары»  Сапарова Манзура Сейлхановна, ҚР мәдениет саласының үздігі, Күляш Байсеитова атындағы медалінің иегері, №1 Балалар музыка мектебінің вокал  класының оқытушысы «Дыбыстық сапасына арналған жаттығулардың түрлері және оның шығармада қолданылуы», Куспанов Мербол Оразбекович, №1 Балалар музыка мектебінің аралас хор жетекшісі, педагог-сарапшы «Хормен ән айту дағдылары» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.                

     Шара  соңында  кері байланыс жасалып, қатысушылар шебер - класс барысында алған жағымды әсерлерімен,ой-пікірлерін қалдырды.

    Шебер-класс  жұмысының қортындылау барысында Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бөлім  әдіскері А.М.Нарегеева өз іс-тәжірбиелерін шеберлікпен көрсеткен спикерлерді Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының директорының м.а. Ж.Б.Скакованың атынан алғыс білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1