Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай 2022 жылғы 17 қараша күні «Информатика мұғалімдеріне арналған оқыту бағдарламасы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.  

Семинардың негізгі мақсаты информатика пәнін оқытуда Lesson Study: жобаға бағытталған оқыту (PBL-Project Based Learning) әдістерін қолдану тәжірибесін тарау және педагогикалық тәжірибе алмасу.

Іс-шараны Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның директоры М.К.Тойшыманова және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы IT бөлімінің әдіскері, п.ғ.м., Ж.Т.Габбасова алғы сөзімен ашып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. 

Семинар бағдарламасына сәйкес Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының информатика пәні мұғалімі - Әли Гүлжанат Қалдыбайқызы «Жолдармен жұмыс істеу. Жолдық функциялар»  тақырыбында сөз алып, оқыту әдістемелерін жетілдіруде PBL әдісін қолданудың оңтайлы жолдарын көрсетіп, жобаға бағытталған оқытудың нәтиже сабағы мен сабақты ұйымдастыру әдістемесі ұсынылды.Қатысушылардың назарына дарынды оқушылардың ғылыми жобалар  көрмесі және фотостудия, телестудия, робототехника үйірмелерінің жұмыс барысы ұсынылды.     

Семинар соңында еркін ой бөлісу, кері байланыс жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар қабылданды.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан