Мұғалім заман талабына сай, білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытудың озық технологиялары мен жаңа инновациялық  әдістерін шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға. Осы мақсатта облысымыздағы шығармашыл ұстаздардың педагогикалық  жұмыстары мен білім беру саласындағы  озық тәжірибелерін тарату аясында  информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Педагогтердің озық іс-тәжірибесін жинақтау» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

       Семинар барысында Хромтау ауданы,  №6 Хромтау гимназиясының  мұғалімі, педагог-шебер  Жаржанова Ж. К. «Компьютердің ішкі құрылымы мен қосымша құрылғылары» тақырыбында панорамалық сабағына таныстырылым жасады. Сабақ басында оқушыларды топқа бөлудің, үй тапсырмасын тексерудегі тиімді әдістерін ұсынды. Padlet.com тақтасы, plickers.com, qazmath.net, wordwall бағдарламаларына шолу жасады.  Бұдан әрі, Ә. Кекілбаев атындағы №72 ІТ мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Жумагулова Н.А. «Информатика пәнін оқытуда steam технологиясын тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама жасады. STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі, ол бағдарламалау және құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Нургул Айтугановна, өз тәжірибесінен алынған тапсырмаларды семинар қатысушыларымен бірге тәжірибе ретінде жасай отырып,  STEM білім беруде білім алушылардың дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып өтті. Жалпы білім беретін «Білім» мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі, т.ғ. магистрі Домаков Е. Т.  өз баяндамасында  Желі технологиясы, IP мекенжай түрлері мен IP-желілердің кластарына тоқталып өтті және IP адрестің жазылу жолдарын көрсетті.

     Аталған шарада Ақтөбе қаласы, А.Байтұрсынұлы атындағы         лингвистикалық мектеп-гимназиясының  информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, республикалық «Үздік педагог-2018» атағының иегері Қыдырбаева Б. Ж. өз кәсіби шеберлігін шыңдай отырып, жетістікке қалай жету жолдары туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында еркін ой бөлісу, кері байланыс жұмыстары қамтылды. 

Шара соңында  ашық диалогтық алаң құрылып, ұсыныстар қабылданды. 

 

Ж.Т. Габбасова                           Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1