14 қыркүйек күні балалар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Ақтөбе облыстық мемлекеттік өртті бақылау басқармасының аға инженері З.Б.Аманжолова мен Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі мамандары Д.Ж.Досжанова, А.А.Агадиловтің қатысуымен өткен интерактивті сабаққа 7000нан астам оқушы қатысты.
Онлайн форматында ұйымдастырылған сабақ барысында «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері», «Радиациялық-химиялық, бактериологиялық қорғау» тақырыптары бойынша дәріс берілді.