Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің 2022 жылғы жоспарына сәйкес 13 қыркүйекте облыстық білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтарға арналған «Бала психикасының қалыптасуына отбасының әсері» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.

Шараны алғы сөзбен Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық- әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистрі М.К.Жубандыкова ашып, «Отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны» туралы тақырыбында ой қозғады.

Сонымен қатар, семинар-практикумның қатысушысы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері, педагогика ғылымының магистрі М.Т.Жасжанова «Ата-аналардың эмоционалды жануы: бұл не және онымен қалай жұмыс жасауға болады? Ресурсты ата-ана дегеніміз кім? деген тақырыптарда психодрама техникаларының шебер класын көрсетті.

Семинар-практикум аясында әдістемелік көмек ретінде мамандарға «Отбасы татулығы» әдістемелік құралы берілді.

Мамандар кері байланыс кезінде өз пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта осындай практикалық іс-шаралардың модульдерге бөлініп өткізілуін сұрады.  

    

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан