Облыс педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» тақырыбында панельдік сессиясы болып өтті. 

Аталған шара Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының  YouTube - арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Сессия жұмысына 100-ден аса информатика пәні мұғалімдері мен облыстық ассоциация мүшелері қатысты.

Панельдік сессия барысында «2022-2023 оқу жылында бастауыш сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәні бағдарламасындағы  өзгерістерге» тоқталып, нормативті-құқықтық  құжаттар тізімдемесі, информатика пәні бойынша оқыту үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етуде  назар аударылуы қажет тұстарына және әдістемелік нұсқаулықтағы өзгерістер мен жаңалықтар таныстырылды.

Бұдан әрі бастауыш мектепте STEM білім беруді енгізудің маңыздылығы мен білім алушылардың дағдыларын қалыптастыру,  сіздің сабағыңызды трендке айналдыратын рецепт құрамымен Назарбаев Зияткерлік мектебі және Ақтөбе қаласының №9 мектеп-гимназиясы мен Ә.Кекілбаев атындағы №72 ІТ мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімдері  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

Панельдік сессия соңында кері байланыс жасалып, ұсыныстар қабылданды. Сонымен қатар, қатысушылар жаңа оқу жылының міндеттері туралы ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Ж.Габбасова  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1