Хромтау қаласының №4 орта мектеп базасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында №4 Хромтау орта мектеп директорының әдістеме жөніндегі орынбасары А.Тургумбаеваның жетекшілігімен облыстық шеберхана есебі ұйымдастырылды.
Шеберхана бағдарламасына сәйкес мектеп педагогтары ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасау бойынша ашық сабақтар беріп, шебер-класс, коучинг, психологиялық тренингтер өткізді. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы тарапынан өз-іс-тәжірибесімен бөліскен шығармашылық шеберхана қатысушыларына алғыс хат пен сертификаттар табысталды.