Облыс бойынша ағымдағы жылдың 4 сәуір-5 мамыр аралығында PISA-2022 негізгі халықаралық зерттеуі, TIMSS-2023 және ICILS-2023 халықаралық зерттеулерінің апробациясы жүргізілді. PISA-2022 негізгі зерттеуіне облыстың 26 мектебі мен 6 колледжінен 986 білім алушы қатысып, оқу, математика, жаратылыстану және креативті ойлау бағыттарындағы жетістіктері бойынша тапсырмалар орындады және сауалнамадан өтті. Сонымен қатар TIMSS-2023 зерттеуінің апробациясына 98 (4 және 8-класс) оқушы қатысып, математика және жаратылыстану пәндері бойынша тапсырмалар орындаса, ал ICILS-2023 зерттеуінің апробациясына 8-кластың 45  оқушысы қатысып, компьютерлік және ақпараттық сауаттылық бойынша жетістіктерін көрсетті. Зерттеулерге Ұлттық бақылаушы ретінде Ақпараттық-талдау орталығының өкілі Оспанова Самал Имангалиевна қатысты.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан