2022 жылдың 15 наурыз күні Ақтөбе облыстық ғылым-тәжірибелік орталығы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді. Онлайн сабақты облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері М.А.Раисова алғы сөзімен ашты. Сабақта алапаттардың алдын алуыы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауы баса айтылды. Сонымен бірге оқушылар «Эвакуациялау іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу» ережелерімен таныстырылды және оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталмыш сабақты Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары- Төтенше жағдайлар басқармасының Азаматтық қорғаныс тобының офицері С.Ж.Жолмағанбетов, Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері А.М.Айтқали, кадр саясаты басқармасының бас мамандары И.А.Мангубасов пен Т.С. Кубашов жүргізді.
Онлайн сабаққа 500-ден астам оқушылар, класс жетекшілер және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.