Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірбиелік орталығының ұйымдастыруымен «Мектептен тыс аула клубтарында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
Шараға Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірбиелік орталығының әдіскерлері,балаларға қосымша білім беру ұйымдарының мектептен тыс білім беру орталығы және аула клубтарының директорлары, оқу-тәрбие орынбасарлары, әдіскерлері, педагогтері қатысты.
Шара барысында Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының әдіскерлері А.М.Нарегеева ««Мектептен тыс аула клубтарында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері», психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскер-психологы С.Б.Байдуашова «Қызығушылық-дарындылық негізі», Е-портфолио жүйесінің техникалық үйлестірушісі Б.К.Жуманзарова «Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен ережелері», «Ақжелкен» аула клубы МКҚК-ның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ш.Байкараев «Мектептен тыс аула клубтарындағы оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңашылдықты дамытудың тиімді жолдары», «Жастық жігер»мектептен тыс аула клубының әдіскері П.Е.Ескалиева «Қосымша білім беретін мектептен тыс мекемелердің оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін қалыптастырудағы ролі», «Ырғыз» мектептен тыс аула клубы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Т.Көнекбаева «Мектептен тыс аула клубтардың негізгі жұмыс бағыттары», «Ембі қалалық мектептен тыс №2 Аула клубы» КММ-нің педагог –ұйымдастырушы Р.К.Рятова «Мектептен тыс аула клубтардың тәрбие жұмысының басым бағыттары»,«Қалалық жас натуралистер станциясы» КММ-нің әдіскері М.Б.Жетписова «Балаларға қосымша білім беру ұйымдарында экологиялық тәрбиенің бағыттары» тақырыбында теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдері көрсетіліп, Ақтөбе қаласы «Ақжелкен» аула клубы», Мұғалжар ауданы «Жем қалалық мектептен тыс №3 Аула клубы», «Ембі қалалық мектептен тыс №2 Аула клубы», «Қандыағаш қалалық мектептен тыс №1 Аула клубы», Алға қаласы «Жастық жігер»мектептен тыс аула клубы», Ырғыз ауданы «Ырғыз» мектептен тыс аула клубы, Хромтау қаласы «Мектептен тыс білім беру орталығы» қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар семинар барысында туындайтын сұрақтар мен мәселелерді талқылап, алған жағымды әсерлерімен ой-пікірлермен бөлісті.