Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен №1 Балалар музыка мектебінде «Фортепиано аспабын үйретудің бағыты бойынша білім беру бағдарламасын жүйелі қалыптыстыру – замануи мәселесі» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді. Аталған семинарға облыс бойынша қосымша білім беру ұйымдарынан 50 жуық фортепиано класының оқытушылары қатысты.

Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының әдіскері А.М.Нарегеева алғы сөзбен ашты.

Семинар барысында Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскер-психологы А.С.Картбаева «Көңіл күйді жақсартудың 5 әдісі», Ақтөбе қалалық №1 Балалар музыка мектебінің фортепиано класының оқытушылар Садирбаева Гулсая Елтайкызы «Фортепиано класындағы балаларға арналған шығармалар», Татьяна Анатольевна Димитренко «Балалар музыка мектептердегі фортепиано класындағы полифониямен жұмыс түрлері», Елена Вячеславовна Гинкул «Балалар музыка мектептердегі фортепиано класындағы оқушыларға арналған кіші формадағы шығармалар», Лариса Викторовна Сиванова «Фортепиано класының оқушыларына көлемді шығармаларды үйрету әдістері»,Зульфира Сагингалиевна Абилова «Денсаулық сақтау технологияларын фортепиано сабағында қолдану», Светлана Александровна Верясова «Фортепианолық дуэт - БММ оқушыларының музыкалық шығармашылығын дамытудағы құбылыс»,«Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі» МКҚК-ның фортепиано класының оқытушысы Абдрахманова Асел Алматовна «Фортепиано пәні бойынша шығармалардағы көркем бейнемен жұмыс», «Ырғыз балалар өнер мектебі» МКҚК-нің фортепиано класының оқытушысы. Сәрсенғалиева Жаннат Садуақасқызы «Сиқырлы әуен- фортепиано пернесі» Ойыл аудандық балалар музыка мектебінің фортепиано класының оқытушысы Г.М.Куатбаева «Владимир Яковлевич Шаинскийдің шығармаларымен танысу» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар кері байланыс кезінде педагогтардың іс тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай олардың кәсібилігін дамытуда үлкен рөл атқаратының атап өтіп, семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Семинарды қортындылау барысында Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының әдіскері А.М.Нарегеева №1 Балалар музыка мектебінің әкімшілігіне және семинарда өз іс-тәжірибелерін шеберлікпен көрсеткен педагогтерді Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Д.Ұ.Жаманбаеваның атынан алғыс білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан