Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ТжКББ ұйымдарының «Үздік педагог-2021» облыстық байқауы жеңімпаздары С.Ескалиева мен Л.Жубаниязованың шебер-класы өтті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры, экономика ғылымдарының магистрі Д.У.Жаманбаева сөз алып, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарымен жыл сайын іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында осындай шебер-кластардың дәстүрлі түрде өтетіндігіне және  «Үздік педагог» атағын беру тәртібіне тоқталды.

Байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» атағын беру конкурсының кезеңдері, тәртібі, қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары туралы ақпарат беріп, «Үздік педагог портфолиосының құрылымы», «Үздік педагогтің кәсіби құзыреттілігі және қызметінің нәтижелілігі» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, портфолионы жинақтау үлгілері көрсетілді.

 Шебер-класс өзара тәжірибе алмасу бағытында өтті, ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптары мен ұсыныстары айтылды.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан