Бүгін, 15 желтоқсан Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Нұрланұлы Батырхан «Менің еңбегім – тәуелсіздіктің жемісі» тақырыбында онлайн режимінде облыстың еңбек өтілі тәуелсіздікпен құрдас білім беру мекемелерінің басшыларын құттықтады.

Басқарма басшысы педагогикалық еңбек жолын еліміздің дербес мемлекет болып, тәуелсіздік алған жылдардан бастап осы уақыт аралығында талай ауқымды өзгерістерді бастан кешіріп, білім саласы да орасан зор жетістіктерге қол жеткізіп, түбегейлі жаңғырғанын айтты.  

Облыстың білім беру жүйесінде де болып жатырған елеулі оң бағыттағы өзгерістерге марапатқа қатысушылардың қажырлы еңбектерінің үлесі екенін айтып, білім саласында болып жатырған реформаларға басшылық жасап, әрі қарай дамып, жүзеге асуына жауапкершілік танытуға міндеттеді.

Басқарма басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай шараға қатысқан басшыларды Алғыс хатпен марапаттады.

Барлық марапатталған ұйым басшыларының атынан Ақтөбе қаласы №69 ЖББОМ директоры Абжалелова Айгул Амангельдиевна және Хромтау ауданы №2 Хромтау гимназиясының директоры Юшкевич Елена Павловна алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады.

 

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан