2021 жылдың 24 қарашасында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен, облыстық тарих пәні мұғалімдері Ассоцациясының жұмыс жоспарына сәйкес «Интерактивті кластер және графикалық органайзерлер құру әдістерін олқылықтармен жұмыс жасауды ұтымды пайдалану» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға облыстың 70-ке жуық тарих пәнінің мұғалімдері онлайн форматта қатысты. Шарада оқытудағы ақтаңдақтар мен олқылықтардың орнын толтырудағы мұғалімдердің белсенділігін арттыру мақсаты көзделді.
- Тарих пәні мұғалімдеріне олқылықтармен жұмыс жасаудың тиімді бағыттарын беру;
- Сабақтарда интерактивті кластер мен органайзерлер құрудың тиімділік нәтижелерін көрсету:
- Сапалы білім берудегі білім алушылардың білік, білім дағдыларын қалыптастыруда мұғалімнің беделін арттыру міндеттері жүзеге асты.
Семинарды облыстық тарих пәні мұғалімдері Ассоцациясының төрағасы Әли Тыныштықұлы Жұбанышев ашты. Семинардың теориялық бөлімі бойынша Мұғалжар қалалық №4 ЖОББ мектебінің тарих пәні мұғалімі Фарида Нурадиновна Кадиркулова «Олқылықтарды анықтау және жұмыс жоспарын жасау жолдары» тақырыбындағы өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде Шұбарқұдық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Жумазия Кафизовна Куанова «Интерактивті кластер және графикалық органайзерлер құру әдістерін олқылықтармен жұмыс жасауда ұтымды пайдалану» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісіп, олқылықтармен жұмыс жасауда білім алушыларға тиімді тәсілдер мен оның нәтижесі туралы баяндады. Семинар соңында мұғалімдер «ашық микрофон» арқылы кері байланыс орнатты.
Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері