Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 19 қарашасында ZООМ платформасында «Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында онлайн-семинар болып өтті.  Семинарға облыстың 50-ге жуық тарих пәні мұғалімдері қатысты.

Онлайн-семинарды облыстық тарих пәні мұғалімдерінің ассоциация кеңесінің төрағасы Жұбанышев Әли Тыныштықұлы ашып берді.

Семинардың бірінші бөлімінде Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Сагингалиева Бакытгуль Таскинбаевна «Функционалдық сауаттылық – сапалы оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, теориялық тұрғыдан мәліметтер берді. Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру - әрбір тарих пәні мұғалімдерінің жүктелген міндет екенін атап өтті.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде  Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Аязбаева Нурия Кайырбековна «Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Тарих сабақтарында оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудағы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға қалыптастыруға, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруіне септігін тигізетін әдіс-тәсілдерге тоқталды.

Семинар соңында семинар қатысушыларымен Padlet платформасы арқылы кері байланыс жасалып, пікірлер алмасты.

 

 

Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан