Құрметті әріптестер!
Биылғы ел өміріндегі маңызды оқиға – Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі білімді ұрпақтың қолында екені ұдайы айтылып келеді. Бұл тек сөз жүзінде қалып жатқан жоқ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы дүйім ұстаздар қауымын қуанты. Осындай жеңілдіктермен қоса, оқытушылардың жалақысын көтеру, еңбек демалысын арттыру, жүктеменің азаюы, педагогтік шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар ұстаз қауымының абыройын арта түсті. Білім сапасын арттыру, мектеп және балабақшамен қамту, мектептерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңартылған білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану және одан қорытынды шығару тәуелсіздік жылдарынан бері білім саласындағы қол жеткізген жетістіктеріміздің бірі. Осыған орай, Ақтөбе облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірлік конференция ұйымдастырады. Бұл ғылыми-практикалық конференцияның маңызы өте зор. Атап айтқанда, біздің облысымыздың білім беру саласындағы стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асырудағы атқарылған игі іс-шараларға арналмақ.
Конференция өтетін күні: 9 желтоқсан 2021 жыл
Конференция өткізілетін орны: Нұротан ғимараты, күмбезді зал
Конференция бағдарламасы мыналарды қарастырады:
1. Пленарлық бөлім;
2. Тәжірибелік бөлім (шебер-кластар);
Қатысушылары: ғалымдар, білім саласының қызметкерлері, ардагер ұстаздар, ұстаздар, жас мамандар
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс
Конференция аясында Ақтөбе облысының шебер-педагогтерінің шебер-сабақтары, көрмелер өтеді.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті: Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған педагогикалық қызметкерлердің өңірлік
КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ
Ақпараттық хаты
Құрметті әріптестер!
Ақтөбе облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірлік конференция ұйымдастырады.
Осыған орай, конференция аясында жинақ шығару жоспарланып отыр. Жұмыс тілі – қазақша, орысша. Конференция жинағына ену үшін ұйымдастыру комитетіне: мақала (баяндама) және конференцияға қатысушының тіркеу формасы (баспа түрінде - мақаланың 1 данасы және электронды түрде) өткізілуі қажет.
Қатысу тәртібі:
Мақала (баяндама) мәтіні 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.
Мақала материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптар қатаң сақталу керек:
Мақала (баяндама) мәтіні 2,5 парақтан аспауы қажет және тіркеу формасы МS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы керек:
- Кестелердің, сызбалардың, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек.
- Парақтың параметрлері: жоғары – 2 см, төменгі - 2 см, сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см.
- Шрифт: Times New Roman, кегль-12.
- Жол аралық : 1 интервалмен.
- Жаңа жол: 0,9 см.
- Бір жолдан кейін ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.
- Мақала тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін парақ ортасына жай әріптермен (қою шрифтпен) автор(лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.
- Төменгі жағына жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифпен).
- Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары жазылады.
- Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады.
Тіркеу формасы
- Тегі, аты-жөні толығымен ________________________________________________
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________________
- Жұмыс жасайтын мекемесі, қызмет________________________________________
- Мақала тақырыбы ______________________________________________________
Мақала материалдары Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 86, Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығында немесе Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. поштасында қабылданады. Тел: 8 (7132) 548624 редакция бөлімі жауапты М.Нұртазина.
Ұйымдастыру жарнасы: 4000 теңге. Жарнаны Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеуге болады.
Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлем жасау жолы:
- «Төлем» (Платежи) бөлімін таңдау
- «Барлығы» (Все) бөлімін таңдау
- «Білім» (Образование) бөлімін таңдау
- «Курс және қосымша білім беру» (Курсы и Доп.обр.) бөлімін таңдау
- Мекеме атауын таңдау (Актюбинский областной научно-практический центр)
- Төлем жасаушының ТАӘ (ФИО плательщика)
- Қатысушының ТАӘ (ФИО участника)
- Төлем атауы (мысалы: тамыз конференция)
- Төлем суммасын көрсету
- Төлем жасау.
Ұйымдастыру комитеті