15 қараша 2021 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе орта мектебінің   тарих пәнінің мұғалімі, педагогикалық шеберлік орталығының тренері, облыстық тарих пәні ассоциациясының төрағасы, педагог-шебер Жұбанышев Әли Тыныштықұлының «Бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы шебер-класының бірінші отырысы өтті. Онлайн тәртібінде өткен отырысқа аудан және қала мектептерінен пән мұғалімдері қатысты.

Шарада Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының әдіскері А.А.Искендирова жаңартылған білім беру мазмұны  аясында, бағалау құралдарын құрастыру бойынша педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шебер – класс жетекшісі Ә.Т.Жұбанышев «Бағалау қағидаттары. Критериалды бағалау құралдарын әзірлеу тәсілдері»,  Ашық және жабық тапсырма түрлері»  және «Оқу мақсаттары бойынша ашық және жабық тапсырмалар құрастыру»  бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылармен тәжірибе алмасты. Отырыс соңында шебер - класс мүшелері алған тәжірибелік білімдеріне алғыс айтып,  ыстық ықыластарын білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан