Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Идирисова Орынай Бижанқызының «Ұлттық құндылықтар мен қазақ тілі мен әдебиеті пәндері - егіз ұғым» атты шебер-класының алғашқы отырысы өтті. Отырысқа аудан және қала мектептерінен пән мұғалімдері қатысты. Отырысты мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Қалқаманова ашып, О.Б.Идирисованың еңбек жолдары мен жетістіктерімен таныстырды. ОҒТО әдіскері Қ.И.Куразова педагог – шеберлердің өзіндік жұмыс жасау жүйесінің практикалық қырын, тұжырымдамасын, өзіндік педагогикалық іс – әрекеті мен әдістемелік әдіс – тәсілдерін беру құралы екеніне тоқталып, жиынға сәттілік тіледі.Шебер класс жетекшісі О.Б.Идирисова «Мұғалім бекеті» атты саяхат мұғалімнің пән кабинетінен, «Шолпы» клубы арқылы отырыс алаңында мұғалімнің шығармашылық жолына шолумен жалғасып, шебер-класс мүшелерімен танысу тренингі өткізілді. Жоспарлы мақсат мұғалімнің технологияға айырықша маңыз беріліп отырған бүгінгі заманның болашағының көзқарасы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері астарындағы құндылықтармен қаншалықты қабысатынына талдау мен тәжірибелік ой бөлістерінде басым қаралды. Шебер-кластың шеберлігі облыстық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасында танылды деуге болады.Бұл саяхат қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің пәнді оқытуда музей мен кітапхананаың оқушыларға ұлттық сана мен танымның нәрі бола алатынын тануға бір бағыт болды. Отырыс соңында шебер класс мүшелері алған тәжірибелік білім мен тақырыптық ұғымдарын оңға бағалап, тренинг арқылы кері байланыс жасады.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1