Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес  «Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие жағдайында класс сағаты мен сыныптан тыс шараларды дайындау және өткізу» тақырыбында  облыстық  семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, класс жетекшілер, интернат тәрбиешілері қатысты.

    Семинар барысында  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Н.Ж.Жалғас «Класс сағатын ұйымдастыру әдістемесі», Ақтөбе қаласы, №63 жалпы білім беретін мектеп-лицейі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Кулбасова  «Класс жетекші – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өтетін педагог»,  Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы, класс жетекші   С.А.Мусина «Жаңа форматтағы класс сағаттар мен сыныптан тыс шаралар, оларды ұйымдастыру жолдары»,    Ақтөбе қаласы, №8 орта мектебі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Мырзалы «Тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері»,  Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Ельбаева  «Сынып сағатын өткізудің әдістері мен формалары» туралы ақпарат беріліп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

      Семинарға қатысушылар кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісті, ұсыныстарын айтты.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1